
21 маусым – Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында Красный Яр ауылындағы «Көкше» мәдениет үйінде адам денсаулығын сақтауға және өмірін арашалауға бар күш-жігерін арнап жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.
Ауыл әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін бірқатар мамандарға Алғыс хаттар табыс етті.
Мерекелік шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері мен өнерпаздары әсем әндер шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламасын ұсынды.
Іс-шара жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, медицина саласы мамандарына деген зор құрмет пен алғыс сезімін паш етті. Ақ халатты абзал жандарға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!