Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

22 сәуір күні «Халық үніне құлак асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Абдысалыққызы Уразбаева азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесу барысында қала тұрғындары ономастика мәселелері, сондай-ақ жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысты өзекті сұрақтарды көтерді. Атап айтқанда, Сұлтанова Жібек қала көшелерін қайта атау туралы ұсыныс білдірді. «Аламан РАН» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Жүсіпов қалалық жеңіл атлетикалық эстафета өткізу бастамасын көтерді. Мария Волошенко мен Никита Агеев спорттық көпсайыс бойынша жарыстар ұйымдастыруды ұсынды.

Күнім Абдысалыққызы барлық өтініштерді мұқият тыңдады. Ономастика мәселесі бойынша ол мұндай бастамаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау тәртібін жан-жақты түсіндірді. Спорт қауымдастығы өкілдеріне қалалық мәдениет және спорт бөлімінің жұмыс жоспарында Жеңіс күніне орай жеңіл атлетикалық эстафета, сондай-ақ оқушы және жұмысшы жастар арасында Президенттік көпсайыс жарыстарын ұйымдастыру қарастырылғаны хабарланды.

Түскен барлық ұсыныстар назарға алынып, жұмысқа қабылданды. Жекелеген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Қабылдау ашық, конструктивті және мүдделі диалог жағдайында өтті. Бұл мемлекеттік органдардың халықпен тікелей өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін, азаматтардың бастамаларына мұқият қарайтынын және қаланы дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.