
Бүгін Достар мәдениет сарайының мәдени демалыс бөлімінің меңгерушісі Кәрібай Мағжан Мейрамханұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жоғары марапат ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсеткені үшін табысталды.
Әріптесімізді осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, жаңа белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз.