
🌟 Универсиада «Сункар» аясында Красный Яр ауылында студент жастар арасында баскетболдан жарыстар өтті.
🌟 Спорттық іс-шараның мақсаты — дене шынықтыру мен спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын, дене тәрбиесі қозғалысының құндылықтары мен идеалдарын кеңінен насихаттау.
🌟 Жарыстың алғашқы кезеңіне қаладағы оқу орындарының қыздар командалары қатысты. Барлығы 7 команда бақ сынады.
🌟 Екі күн бойы командалар арасында тартысты әрі қызу бәсеке өтті. Қарсыластар бір-біріне лайықты болып, жақсы физикалық дайындық пен ойын шеберлігін көрсетті. Әр ойын жоғары деңгейдегі тартыспен өтіп, қатысушылар командалық рух пен жеңіске деген жігерін танытты.
🌟 Нәтижесінде бірінші орынды Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ұйымшыл командасы иеленді. Екінші және үшінші орындарға Ш. Уәлиханов атындағы колледж бен Қазақ педагогикалық колледжі лайық деп танылды.
🌟 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарысты ұйымдастырушылар — қалалық мәдениет және спорт бөлімі тарапынан кубоктармен және медальдармен марапатталды.