Қысқы балық аулау

Қысқы балық аулау

28 ақпанда Көкшетау қаласында қысқы балық аулаудан жарыстың екінші кезеңі өтті. Күн ашық әрі аязды болып, қатысушыларға ерекше жігер сыйлады.

Бақ сынап, шеберліктерін көрсетуге толықтай дайындалған 12 балықшы жиналды. Мұз үстіндегі уақыт зымырап өте шықты: әрбір қармаққа ілінген олжа қуаныш сыйлап, жарысқа деген құлшынысты арттыра түсті.

Соңғы белгі берілген сәтте ең толқынысты кезең — аулаған балықты өлшеу рәсімі басталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

🥇 1-орын — Шурманов Азим
🥈 2-орын — Сейдахметов Азамат
🥉 3-орынды Шубаба Дмитрий мен жас балықшы Василинчук Денис бөлісті

Жеңімпаздар қалалық мәдениет және спорт бөлімі атынан медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жарыс қысқы балық аулау әуесқойлары үшін нағыз мерекеге айналып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.