Қазақтың Жамбыл ақыны» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақтың Жамбыл ақыны» атты дөңгелек үстел өтті

Сәкен Жүнісов атындағы мектепте жоба аясында қазақтың ұлы ақыны — Жамбыл Жабаевнің 180 жылдығына арналған «Қазақтың Жамбыл ақыны» атты дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында қатысушылар айтыс өнерінің тарихы, оның өміршеңдігі мен халық мәдениетіндегі маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар Жамбылдың өмір жолы, оның айтыскерлік шеберлігі мен жыраулық қыры кеңінен сөз болды. Ақынның дана сөзі мен терең тағылымы бүгінгі ұрпаққа рухани күш беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үндейтіні атап өтілді.

Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Олар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу жас буынның ұлы ақын мұрасын тереңірек танып-білуге деген ынтасын арттырды.

Бұл тағылымды басқосу ұлт руханиятын ұлықтап, Жамбыл Жабаевтың мол мұрасы мәңгілік ел жадында сақталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.