"Достар" МҮ ұжымы Наурыз мейрамына дайындалуда

"Достар" МҮ ұжымы Наурыз мейрамына дайындалуда

«Достар» мәдениет сарайының ұжымы «Наурыз мейрамына» қызу дайындық үстінде. Қазіргі уақытта мамандар шығармашылық ұжымдарға арналған сахналық костюмдердің эскиздерін әзірлеп, ұлттық нақыштағы киімдерді тігумен айналысуда. Әрбір қойылым мерекенің рухын айшықтап, көрерменге ерекше әсер сыйламақ.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні Абылайхан алаңында ұлттық «Қара жорға» биінің ауқымды жаппай орындалуы өтеді. Мерекелік шараға ұлттық киімдер мен бас киімдер киген 1000-ға жуық ер азамат қатысады. Бұл көрініс бірлік пен дәстүрді дәріптеген, көктемнің жаңаруын айшықтайтын әсерлі мерекелік сәт болмақ.