Жаңа конституция жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Жаңа конституция жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

«Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға мемлекеттің және азаматтық қоғамның дамуына бейжай қарамайтын шығармашылық ұжымдардың, кітапхана және әдістемелік қызмет өкілдері қатысты.

Негізгі баяндамамен Мәдениет сарайының директоры Екатерина Ауганбаева сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында еліміздің Ата заңына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталды. Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, мазмұнды пікір алмасуға негіз болды.

«Балақай» балалар шығармашылық ұжымының жетекшісі Енлік Жақыпова отбасы, бала және білім беру салаларын қолдауға бағытталған конституциялық нормалардың маңыздылығын атап өтіп, ел болашағы өскелең ұрпақтан басталатынын ерекше атап өтті.Кітапхана меңгерушісі Мария Кузнецова ақпараттың ашықтығы мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызын атап өтіп, кітапханалардың ағартушылық пен диалог алаңы ретіндегі рөліне тоқталды.Әдіскер Айдын Қабділмәжит өз сөзінде азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігіне назар аударды.

Талқылау барысында түрлі пікірлер, ұсыныстар мен сұрақтар айтылып, бұл қатысушылардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын және оның болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінетінін көрсетті.

Диалог ашық әрі конструктивті жағдайда өтіп, әр қатысушыға өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік берді.Кездесу қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынылып отырған Конституция жобасы заманауи қоғамның сұраныстарына сай келетінін және демократиялық құндылықтарды одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті. Жалпы алғанда, жиналғандар Ата заң жобасын қолдап, әділетті әрі қуатты Қазақстанды қалыптастыру жолында бірлік, азаматтық белсенділік пен саналы таңдаудың маңыздылығын атап көрсетті.