
Бүгін мен мәдениет саласындағы жастардың атынан сөйлеп тұрмын.
Біз — жай ғана әртістер емеспіз. Біз қоғамның ой-санасын қалыптастыратын буынбыз.
Конституция — құрғақ құжат емес.
Бұл — сөз, шығармашылық және өзін еркін білдіру бостандығы.
Ән айту, би билеу, сөйлеу және естілу құқығы.
Домбыраны TikTok арқылы насихаттау — бұл мәдениет.
Халық биін заманауи форматта қайта ойлау — бұл мәдениет.
Ал осы екі әлемді біріктіре алатын — жастар.
Жаңа Конституция бізге еркіндік пен жауапкершілік береді.
Егер бізге сахна берілсе —
одан ұлттық рухты, құндылықтар мен Отанға деген сүйіспеншілікті жеткізуге міндеттіміз.
Мен «Жаңа Конституцияны мәдениет арқылы насихаттау» жобасын ұсынамын.
Идеясы қарапайым: Конституция құндылықтарын әрбір іс-шараға —
сөз, музыка және шынайы эмоциялар арқылы енгізу.
Біздің қолымызда тек микрофон ғана емес — ұлттың болашағы бар.
Мағжан Кәрібай, «Достар» мәдениет үйінің мәдени-демалыс қызметінің меңгерушісі