
4 ақпанда «Достар» мәдениет сарайында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Елдің негізгі заңындағы негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында қалалық мәдениет бөлімінің баспасөз хатшысы Садвакасов Серик баяндама жасады.
Талқылауға Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлдана Есмурзина, қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйенің жетекшісі Серик Жетписқалиев, «Көкше» мәдениет үйі директорының орынбасары Ерлан Мұхамедьяров, «Достар» МС мәдени-демалыс қызметінің меңгерушісі Мағжан Қәрібай және қаладағы мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Кездесу ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, жаңа Конституция жобасына нақты ұсыныстарын да енгізді. Жиналғандар ұсынылып отырған өзгерістердің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, баяндамашыларға өз сұрақтарын қойып, өз көзқарастарын ортаға салды.
Диалог алаңы азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін және қоғамның ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетті. Негізгі заңды талқылау – ортақ жауапкершілік пен әділетті, тұрақты даму жолындағы маңызды қадам екені айқындалды.