
💥 Өткен сенбіде Көкшетау қаласының шаңғы базасында қысқы спорт маусымының салтанатты ашылуы өтті.
💥 Шаңғы жарысына балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жас спортшылары, сондай-ақ қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 2008–2016 жылдары туған оқушылары қатысты.
💥 Бұл күні ауа райы қатысушылар мен жанкүйерлерді қуантты: ашық аспан мен қыста салыстырмалы түрде жылы температура жарыс өткізуге тамаша жағдай жасады. Сөреге ең жас шаңғышылар да, жасы үлкен, тәжірибелі спортшылар да шықты.
💥 Жарыстар әр жас санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында жеке есеппен өтті, бұл әр қатысушыға өз күшін және спорттық мінезін көрсетуге мүмкіндік берді.
💥 Іс-шараның ұйымдастырушысы — қалалық мәдениет және спорт бөлімі — турнирдің үздік спортшыларын грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
💥 Спорт мерекесі қызу бәсеке мен достық қолдау атмосферасында өтіп, қысқы маусымның тамаша бастамасына айналды, қатысушыларға сергектік пен жаңа жеңістерге деген жігер сыйлады.