
Павлодар қаласында әйелдер арасында волейболдан республикалық жарыстар өтті. Турнирге еліміздің әртүрлі қалаларынан келген 8 команда қатысты. Көкшетау қаласының намысын «Энергия» клубы қорғады.
Екі күн бойы алаңда тартысты да шиеленісті ойын өрбіді. Қатысушылар жоғары дене дайындығын және ойын техникасын көрсетті. Біздің қыздар шеберліктері мен жеңіске деген жігерінің арқасында бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші және үшінші орындарды Павлодар қаласының «Ақтоғай» және «Ұшқыш» командалары иеленді.