Кітапханашы күнімен!

Кітапханашы күнімен!

Қадірлі білім мен руханият сақшылары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Кітапханашы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана кітаптар мен сөрелер емес. Бұл – адамдарға, мәдениетке, сөзге деген зор сүйіспеншілік. Сіздердің арқаларыңызда кітапханаларымыз – білім мен шабыттың, қарым-қатынас пен шығармашылықтың орталығына айналып отыр.

Әр күніңіз оқырмандардың ризашылығына, жылылыққа және сүйікті ісіңіздің қуанышына толы болсын!

Құрметпен, К.А. Уразбаева
қалалық мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы