💥 10 қазан күні Ақтөбе қаласында көрнекті қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өз елім» республикалық ән байқауы өтті.
💥Шығармашылық сайысқа қатысушылардың қатарында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайын таныстырған «Шаңырақ тобы» хоровой ансамблі болды. Амангелді Тошкеннің жетекшілігіндегі ұжым сахнада жоғары вокалдық шеберлікпен және сахналық мәдениетпен қазақтың халық әнін орындап, өнерлерін лайықты деңгейде көрсетті.
💥 Ансамбльдің әсерлі де шебер орындауы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ұжым II дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды
💥 Ансамбльдің солисткасы Шүкібаева Алтыншаш Н.Тілендиевтің «Құстар қайтқанда» әнін орындап, III дәрежелі дипломның иегері атанды.
💥 Өнер иелерін үлкен сахнадағы сәтті дебюттерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
💥 Бұл байқауға қатысу «Шаңырақ тобы» үшін маңызды шығармашылық белеске айналып, ұлттық музыкалық өнерді насихаттауға қосқан үлесі болды.