Заманауи би студиясы «Импульс»

Заманауи би студиясы «Импульс»

Заманауи би студиясы «Импульс» – бұл түрлі жастағы балаларды би өнеріне деген сүйіспеншілік біріктіретін орта. Мұнда балалар алты жастан бастап келіп, кәмелет жасына дейін би әлемінде тәрбиеленеді. Көптеген қатысушылар үшін бұл студия – тек әдемі мүсін мен жеңіл жүріс, сахнадан қорықпауды үйрену ғана емес, бұл – өмір салтына айналған, талантын танытып, қабілетін дамытатын, достар мен өзін табуға мүмкіндік беретін ерекше орта.

«Импульс» көптеген тәрбиеленушілер үшін екінші отбасы болды. Мұнда олар өз жетістіктерін, қуанышты сәттерін де, қиындықтарын да бөліседі.

Ұжымды кәсіби хореограф-педагогтар — Инна Закамалдина мен Ирина Кириенко басқарады. Олар студияны үздіксіз дамытып, жаңа шығармашылық бағыттарға жол ашып отырады. Қойылымдар арқылы балалар өз өнерін көрсетіп, шығармашылық тұрғыдан ашыла түседі.

«Импульс» би ансамблінің репертуары негізінен балаларға арналған, оқиғалы, заманауи және эстрадалық билерден тұрады. Әр биден сахналық шеберліктің әртүрлі элементтері – қарапайымнан күрделіге дейін көрініс табады. Ең бастысы – бидің мінезін, сұлулығын, ерекшелігін сезініп, оны көрерменге жеткізе білу.

«Импульс» бірнеше мәрте халықаралық хореографиялық байқауларда жоғары марапаттарға ие болған. Бүгінде ұжым өз жолын жалғастырып, балаларға шабыт сыйлап, сахнада шынайы өнердің, қозғалыстың және энергияның импульсін таратуды жалғастыруда.