
Жыл басынан бері қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі 19 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізіп, 1000-нан астам адамды қамтыды. Мақсат – адалдық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік пен әділдікті насихаттау.
Қалалық кітапханада жастармен «Адал еңбек бейнесі» тақырыбында кездесу өтіп, кәсібіне адалдық, жауапкершілік және шығармашылық жайлы айтылды. Қазақ кітапханасында «Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» атты кеш өтіп, медицина саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды.Қызылжар қалалық кітапханасында «Адал азамат – әділетті» атты диалог алаңы ұйымдастырылып, адалдық пен әділеттіліктің адам өміріндегі орны сөз болды.Тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік қызметкерлермен жемқорлықтың салдары мен оны алдын алу жолдары талқыланды.Қызылжар ауылындағы «Көкше» мәдениет үйінде жастарға арналған «Білу маңызды!», «Заң және тәртіп» атты ақпараттық сағаттар өтті.
Бұл кездесулер бір нәрсені түсінуге көмектеседі: адалдық – әр адамның жеке таңдауы.
Адалдық бар жерде – сенім бар. Әділет бар жерде – болашақ бар.