✨ Сенбі, 23 тамыз күні Көкшетауда кезекті плоггинг өтті. Экологиялық жүгіруге мемлекеттік мекеме қызметкерлері, студенттер мен оқушы жастар қатысты.
✨ Старт нүктесі Көпе көлінің жағалауы болды. Ширақ жаттығудан кейін қатысушылар Қылшақты өзені бойымен жүріп, топтарға бөлініп, аумақты қоқыстан тазалауға кірісті.
✨ Акцияға қалалық мәдениет бөлімі мен қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйе қызметкерлері де қосылды.
✨ Қатысушылардың бірлескен күшімен қаламыз таза әрі жайлы бола түсті, олар қоршаған ортаға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетті.
✨ Мұндай бастамалар адамдарды біріктіріп қана қоймай, экологиялық жауапкершілік мәдениетін де қалыптастырады.