Абай мұрасы» залының салтанатты ашылуы өтті

Абай мұрасы» залының салтанатты ашылуы өтті

6 тамыз күні қалалық қазақ кітапханасында ұлы ойшыл, ақын, ағартушы – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы» залының салтанатты ашылуы өтті.

Жобаның басты мақсаты – Абайдың рухани мұрасын сақтау және насихаттау, жас ұрпақты оның дана өсиеттері рухында тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға және ана тіліне құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға қалалық қоғам өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, абайтанушылар, жазушылар, сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Жиналғандарға құттықтау сөзін айтты:

  • Жабал Ерғалиев – қоғам қайраткері,
  • Ерболат Баяұлы – жазушы,
  • Сәбит Жәмбек – ғалым-абайтанушы.

Өз сөздерінде олар Абайдың қазақ мәдениеті, әдебиеті мен тілі дамуына қосқан орасан зор үлесін, сондай-ақ қазақтардың ұлттық санасының қалыптасуындағы рөлін атап өтті.

Қонақтар үшін Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оның философиялық еңбектері мен әдеби мұрасын таныстыратын тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Бұл күні залда ұлы ақынның өлеңдері мен сөзіне жазылған әндер орындалды. Әнші Сәрсенбай Хасеновтың, «Шаңырақ» вокалдық тобының және Абай шығармашылығын қадір тұтатын белсенді оқырмандардың орындауында вокалдық нөмірлер шырқалды.

«Абай мұрасы» залы – жай ғана жаңа мәдени кеңістік емес, қазақ халқының ұлы ойы мен рухани байлығымен жүздесетін орынға айналды. Мұнда әрбір келуші мәңгілік құндылықтарға қол жеткізіп, Абай поэзиясы мен философиясының тереңіне үңіле алады, шабыт пен уақыт үндестігін сезіне алады.