25 маусым күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуныш Абдысалыққызы Уразбаева тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында:
✅ Мемлекеттік тілді мәдени шараларда кеңінен қолдану,
✅ Жастарды шығармашылық байқауларға тарту,
✅ Ұлттық құндылықтарды насихаттау сынды маңызды мәселелер қозғалды.
Қала тұрғындары «Жігіт сұлтаны», «Ер намысы — ел намысы», «Көктем аруы», «Босағаның құдіреті — келін» сынды байқаулардың маңызын атап өтті.
Жас мемлекеттік қызметші Маратбек Азамат Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «QAZAQ VOICE» байқауына қатысуға ниет білдірді.
Қуныш Абдысалыққызы барлық ұсыныстарды ықыласпен тыңдап, жастардың бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтті.
Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі әрдайым ашық диалогқа дайын!