Журналистермен кездесу

Журналистермен кездесу

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Достар» мәдениет сарайында облыстық және қалалық газеттер мен телеарналар журналистерімен жылы әрі шынайы кездесу өтті.

Салтанатты шарада қатысушыларды кәсіби мерекелерімен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құным Уразбаева құттықтады.

— Осы айтулы күні сіздерге қаламыздың өміріне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды және ризашылығымды білдіргім келеді, — деді Құным Абдысалыққызы. — Сіздердің арқаларыңызда тұрғындар мәдениет, спорт, мемлекеттік тілді дамыту салаларындағы жетістіктерімізден хабардар болып отырады. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ақпараттық қолдау көрсетіп, біздің жұмысымызға қатысты оң қоғамдық пікір қалыптастыруға белсенді атсалысып келесіздер. Шығармашылық шабыт, тың идеялар мен кәсіби жетістіктер тілеймін!

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Дөңгелек үстел барысында журналистер өзара пікір алмасып, мәдениет, спорт және тіл саясаты салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу «Достар» мәдениет сарайы әртістерінің концертік бағдарламасымен аяқталды.