«Тіл – достықтың алтын көпірі»

«Тіл – достықтың алтын көпірі»

Жазда балаларды қызықты кітаптармен қауыштыру мақсатында  «Достар» мәдениет сарайының   жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты  әдеби турнирін өткізді.

Іс –шараға № 8 жалпы орта білім беретін  мектебінің   жазғы лагерінен  1- 4 сынып оқушылары мен жетекшілері  қатысты.

Шара барысында оқушылар сергіту сәтінен бастап екі топқа бөлініп бірнеше кезеңнен тұратын сайысқа қатысты.  Жұмбақтар, ребустар шешіп, тілге байланысты мақал – мәтелдердің жалғасын тауып, әр қыйындыдан құралған суреттерді жинады.

Сонымен қатар кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттермен, балаларға арналған журналдармен  танысты. Іс-шараға белсене қатысқандары үшін балаларға  тәтті сыйлықтар табысталды.