"Асыл Мура" жеңісі

"Асыл Мура" жеңісі

Асыл мұра» халықтық би ансамблі Ташкенттегі халықаралық байқаудан жеңіспен оралды!

 4-22 жастағы өнерпаздарымыз 5 би нөмірімен көз тартып:
4 Гран-при және 1 бірінші орын иеленді!

 Ансамбль жетекшісі Дина Орманшина:

«Әр қозғалысымызға жанымызды салдық.»

Инкар Доскенова, үлкен топтың қатысушысы:

«Мен халықаралық байқауға төртінші рет қатысып отырмын, бірақ әр жолы қобалжимын. Бұл жолы ұлттық биімізді үлкен мақтанышпен орындап, лайықты түрде Гран-при иегері атандық!»

Шын жүректен құттықтаймыз! «Асыл мұра» - бұл әр қимылдағы халқымыздың жаны!