Шығармашылық маусымның жабылуы

Шығармашылық маусымның жабылуы

«Достар» мәдениет сарайының шығармашылық маусымның жабылуы мәдени ошақтың маңызды және жауапты оқиғасына айналып, жыл бойы атқарған мазмұнды әрі жемісті жұмыстың қорытындылау көрінісі болды.

Өткен маусым жарқын қойылымдармен, әсерлі концерттермен, шабытты кездесулермен есте қалды. Бұл жетістіктер — өнерпаздарымыздың таланты мен табанды еңбегінің, көрермендердің ыстық ықыласы мен қолдауының жемісі.

Осы кеште мәдени ошақтың шығармашылық ұжымдары бір жылда жеткен жетістіктерін көрсетіп, жарқын костюмдердегі әсерлі музыкалық және хореографиялық композицияларын ұсынды. Залда жиналған көрермендер әрбір өнер туындысын қызығушылықпен тамашалап, қолдауларын көрсетіп, нағыз өнер мерекесінің атмосферасын сезінді.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп,  қатысушылар өз шеберліктерін ғана емес, айқын шығармашылық өсулерін  де көрсетті. Көрермендер бағдарлама мазмұнының әр алуандығын және орындалу сапасының жоғары екенін ерекше атап өтті.

Кештің басты өнерпаз жұлдыздары — «Асыл мұра» халықтық би ансамблі, «Импульс» заманауи би студиясы, «Інжу» би ұжымы, "Батыр қыз" степ би тобы және «Балақай» вокалдық студиясы көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды. Бұл өнерлі ұжымдар  аталмыш мәдениет сарайының нағыз мақтаныштары, олар тек республикалық дәреже де ғана емес, халықаралық байқауларда да танылған.

Есептік концерт жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Көрерменнің әрбір қолдауы сахнаның шығармашылық туатын орта, дәстүрлер нығая түсетін және таланттар ашылатын орын екені айқын сезілді.

Достық пен шығармашылыққа толы кезекті мәдени маусым аяқталды, бірақ шабыттың күші шексіз. Бүгінгі шығармашылық ұжымдарды алда жаңа белестер, жобалар мен жарқын жеңістер күтуде.