Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

2025 жылдың 28-мамыры күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Көкшетау қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Күнім Уразбаева азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

 «Invictus GO Kokshetau» аға жаттықтырушысы Ербол Жанабековпен кездесу барысында халықты салауатты өмір салтына тартуға бағытталған бастамашыл спорт алаңын құру мәселесі қаралды. Аталмыш қоғамдық бірлестік білікті фитнес-жаттықтырушының жетекшілігімен таза ауада тегін таңғы жаттығуларды ұйымдастыруды ұсынды.

Күнім Әбдісалыққызы бұл бастаманы қолдап, оны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.