21-мамыр күні қала әкімдігінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Залда күнделікті еңбегімен халық шығармашылығын дамытып, мәдени мұраны сақтап, байытып, қоғамды эстетикалық және адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге үлес қосып жүрген жандар жиналды. Мәдени сала қызметкерінің арқасында әр мереке жарқын әрі есте қаларлықтай өтіп, адамдарға жанашырлық танытуға, халқымыз бен елімізді мақтан тұтуға шабыттандырып, жетелейді.
Жиналғандарға қала әкімі Ануар Күмпекеев құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде мәдениет саласының қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, осы сала қызметкерлеріне шынайы алғысын айтты:
— Мәдениет пен өнер — ұлттың жаны, оның жады мен болашағы. Дәстүрді сақтап, жаңа буынға шабыт беріп, адамдардың жүрегінде жақсылық пен мейірімділікті, ізгілік пен сезімталдықты оятатын сіздерсіздер. Алдағы еңбек жолдарыңызда сіздерге толағай табыстар, биік белестерді бағындырып, әрдайым көрерменнің алғысын алып, сүйіспеншілігіне бөленуді тілеймін. Мерекелі күндеріңіз көп, жұлдызды сәттеріңіз жана берсін! Шын жүректен Сіздерге ең бастысы зор денсаулық пен жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін.
Бұл күні мәдениет саласының бірқатар қызметкерлері қаланың мәдени өмірін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Ерекше құрметке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист және қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев ие болып, оған «Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты» төсбелгісі табыс етілді.
Аталмыш шара қалалық мәдениет бөлімінің шығармашылық ұжымдары дайындаған