2024–2025 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты Комитет ресми түрде келесіні қайталап ескертеді. Оқу жылының аяқталуына арналған іс-шаралар аясында бітіру кештерін өткізу, сыйлықтар алу,сыныптарды безендіру, емтихан кезінде дастархан ұйымдастыру және өзге де мақсаттар үшін ата-аналардан ақша жинауға жол берілмеуі тиіс.
Мұндай ақша жинау әрекеттері заңсыз болып табылатындығын
естеріңізге саламыз.
Көптеген білім беру ұйымдарының басшылары әлеуметтік
желілерде қаражат жинауға жол берілмейтіні туралы ашық мәлімдеме жасап, осы арқылы Министрліктің ұстанымын қолдады.
Барлығын мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға үлгі болуға шақырамыз.
Біз аса маңызды миссияны атқарып келеміз — адал, әділ және жауапкершілігі жоғары азаматтар ұрпағын тәрбиелеудеміз. Балаларға сенім, ашықтық және заңдылық қағидаттарының әділетті әрі тұрақты қоғамның негізіекенін өз ісімізбен көрсетіп, оларға әрдайым үлгі болуымыз қажет.
Ата-аналар білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинау орын
алған жағдайда аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне жүгіне алады.
Аталған департаменттер өз құзыреті шеңберінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайтын болады.