Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін аумақтық департаменттер басшыларының байланыстары жарияланды

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін аумақтық департаменттер басшыларының байланыстары жарияланды

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті халықпен кері байланыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында аумақтық департаменттер басшыларының ұялы және жұмыс телефон нөмірлерін жариялады. Олардың әлеуметтік жерілердегі аккаунттары да көрсетілген.

Азаматтар аумақтық бөлімшелердің басшыларына педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тарту, педагогикалық әдеп нормаларын бұзу, академиялық адалдық, заңсыз ақша жинау немесе білім беру ұйымдарындағы басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері және т.б. мәселелері бойынша тікелей жүгіне алады.

Азаматтардың әрбір өтініші ҚР заңнамасына сәйкес қаралатын болады.