Оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

Оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

Бұдан бұлай еліміздегі мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады.

Қазіргі таңда электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектептерінде апробациядан өтті.

Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтуде. Айта кетейік, бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ.