Республикалық ата-аналар форумы аясында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Ата-аналар және қоғам» тақырыбы бойынша секция өткізді.

Республикалық ата-аналар форумы аясында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Ата-аналар және қоғам» тақырыбы бойынша секция өткізді.

Іс-шарарға еліміздің барлық өңірлерінен ата-аналар, педагогтер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум отырысында отбасы институтының қоғамдағы рөлі, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар, баланың жеке басын қалыптастырудағы отбасы туралы мәселелер қаралды.

Секция модераторы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баланың мектептегі оқу жетістіктерін көп жағдайда отбасы анықтайтынын айта келе, педагогтер, оқушылар, олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды.

Спикерлер «Қоғамдағы отбасы институтының заманауи келбеті», «Баланы қоғамда өмір сүруге бейімдеудегі ата-ананың рөлі», «Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы» өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша секция қатысушылары тілектерін білдіріп, пікір алмасып, психологиялық тренинг ұйымдастырылды.