Хабарлама беру - мектепке дейінгі ұйымдардың заңды қызметінің кепілі

Хабарлама беру - мектепке дейінгі ұйымдардың заңды қызметінің кепілі

Жақында әлеуметтік желілерде 2023 жылдың қаңтарында Қарағанды қаласының жеке меншік балабақшасында ересектердің бақылауынсыз қалған екі жасар баланың қатты күйік алған оқиғасы жарияланды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өкінішке орай, осындай мекеменің жұмыс істейтіні оқиғадан кейін ғана белгілі болды.

”Білім туралы” ҚР Заңына сәйкес балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдар аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне хабарлама жіберуі қажет.

Аталмыш балабақшаның хабарламасыз жұмыс істегені анықталды.

Министрлік еліміздің басқа өңірлерінде де хабарламасыз қызметті жүзеге асыру фактілерінен хабардар. Мысалы, Астана қаласындағы 6 мектепке дейінгі ұйым хабарлама жасау тәртібін айналып өтіп, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың рұқсаттарын алу қажеттілігін елемей, білім беру қызметтерін көрсеткен.

‼️ Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сіздерге баланы мектепке дейінгі ұйымға бермес бұрын, оның заңды мәртебесі мен ұйым түрлерінің біріне жататындығына, сондай-ақ қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне көз жеткізу қажет.

Сіздерден мектепке дейінгі ұйымдардың хабарлама бермей және рұқсат беру құжаты болмай заңсыз жұмыс істеу фактілері анықталған жағдайда аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне жүгінуіңізді сұраймыз.