МОДО-2022 нәтижелері қайда қолданылады?

МОДО-2022 нәтижелері қайда қолданылады?

Өздеріңіз білетіндей, МОДО (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) білім алушылардың білім сапасын бағалаудың негізгі тәуелсіз ұлттық құралы болып табылады.

МОДО қорытындысы бойынша алынған деректер негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, әрбір өңір үшін кешенді талдау жасалды. Жүргізілген жұмыстың нәтижелерін тиімді пайдалану үшін МОДО қорытындылары бойынша жүйелі сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.

Білім беру басқармалары мен бөлімдері әдістемелік ұсынымдарды іске асыру шеңберінде жұмыс жоспарларын әзірледі.

Өңірлік әдістемелік орталықтар мектептердің желілік өзара іс-қимылының тиімді тәжірибелерін жинақтауды, аудандық және өңірлік деңгейлерде білім, әдістемелер, дидактикалық тәсілдермен алмасуды ұйымдастыруы қажет.

Аталған әдістемелік ұсынымдардың әр мектеп деңгейінде педагогикалық/әдістемелік кеңестердің отырыстарында талқылануы маңызды. Ұсынымдардың сапалы іске асырылуы мектеп әкімшілігіне тікелей байланысты. Үлгерімі төмен білім алушылар үшін қолдауды күшейту, оқытудағы «қалып қойған» тақырыптарға және оларды жоюға, сондай-ақ одан кейінгі тақырыптар бойынша туындайтын олқылықтарға, мектепте қолайлы климатты қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

Өз кезегінде, МОДО нәтижелері оқу бағдарламаларын жаңартуда, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде, сондай-ақ педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын жаңартуда пайдаланылатын болады.

МОДО қорытындылары бойынша әдістемелік ұсынымдар Комитеттің ресми сайтында орналастырылған, олармен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/436781?directionId=5040&lang=kk