Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына (бұдан әрі – Заң жобасы) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нормасын енгізілуде.
Заң жобасының аталған нормасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 82-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №748 бұйрығына сәйкес реттеушілік әсерін талдау жүргізілді.