PISA-бұл әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін халықаралық зерттеу.
Зерттеуді алғаш рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылы ұйымдастырды. Нәтижелер үш жылда бір рет беріледі.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл мектептерді тексеру, аттестациялау емес, әлем елдерімен білім сапасын салыстыруға арналған зерттеу. Қорытындысы бойынша білім беру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар берілетін болады.
PISA - білім сапасын бағалаудың қажетті және маңызды құралы. Оның таза және шынайы нәтижесі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты неғұрлым оңтайлы жүргізу үшін қажет.
Сандарға тоқталайық.
Биылғы жылы «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі өтеді, ол негізгі PISA-ға қарағанда жыл сайын өтеді. Ол 20 аймақты, 1000 мектеп пен колледжде 35 мың оқушыны қамтиды.
Зерттеу екі бөлімнен тұрады – тестілеу және сауалнама. Тестілеу шамамен 2 сағатты алады, сауалнама 45-50 минутты алады.
Зерттеулер оқу, математика және жаратылыстану сияқты бағыттарды бағалайды. Сондай-ақ сауалнама арқылы әлеуметтік және эмоционалдық дағдылар, қашықтықтан оқыту кезіндегі тәжірибе зерттеледі.
Зерттеудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында фото-бейнекамераларды, байланыс құралдарын және электрондық құралдарды пайдалануға жол берілмейді. Тест-әкімшіден басқа бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
Зерттеу қарашаның басында барлық аймақтарда біркелкі басталады және 5-тен 6 аптаға дейін созылады.
Мектептер/колледждер туралы қорытынды есептерді ЭЫДҰ 2023 жылдың II тоқсанында шығарады.