Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу

Cәуір айында республиканың 1447 мектебінде компьютерлік тестілеу түрінде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі, оған 4 және 9-сыныптар қатысады.

Тестілеу үш бағыт бойынша өтеді: математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы. Тест сұрақтары жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламалары бойынша әзірленген.

Нәтижесінде өңірлер бөлінісінде кешенді талдау жүргізіліп, және жекелеген мектептерге білім сапасын арттыруға және оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар беріледі.

Мониторинг мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды. Сондықтан оның оқушылар үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайтындығын атап өтемін.

Біз бірінші кезекте мектептерге білім сапасын арттыру жолында көмек көрсетуді көздейміз. Әдістемелік ұсынымдар мен мұғалімдерге арналған семинар-тренингтер оқыту тәсілдерін жетілдіреді, осылайша әрбір мектеп пайдалы кері байланыс алады.

Мониторингке қатысқан әрбір білім алушының көрсететін нәтижесі маңызды және Қазақстандағы білім беру жүйесінің одан әрі даму бағытын анықтауға көмектеседі.