Ғылым күнімен құттықтау

Ғылым күнімен құттықтау

Бүгін Қазақстанда Ғылым күні атап өтілуде. Бұл жас ғалымдардың да мерекесі.

Соңғы 5 жылда жоғары оқу орындарын 6 мыңнан астам докторант бітіріп, оның 37%-ы диссертацияларын сәтті қорғап шықты. Көрсеткіш шетелдік ЖОО-лардағы қорғалудың орташа көрсеткішімен 40-60% сәйкес келеді.

Соңғы жылдары докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестерді қалыптастыру және олардың қызмет ету тетігі де өзгерді. Қабылданған нормалар диссертацияларды мүмкіндігінше ашық форматта қорғауға мүмкіндік береді. Олар диссертацияны Интернетте тікелей эфирде қорғауды, диссертацияның толық мәтінін уақыт шектеусіз ашық қол жетімді жерде орналастыруды, кеңес құрамының икемді қалыптасуын, рецензенттердің жауапкершілігін және олардың дауыс беруге қатысуын, кеңестің қорғау нәтижелері бойынша бірнеше шешімдердің бірін қабылдау мүмкіндігін қарастырады (дәреже беру, марапаттаудан бас тарту, қайта қорғауға немесе қайта қарауға жіберу). Бұл ретте, қажетті талаптарды орындау кезінде докторантқа қорғауға шығудың баламасы ұсынылды. Жаңашылдықтар докторанттардың ғылыми зерттеулерінің сапасын арттыруға, жоғары оқу орындары кеңестерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі жоғарылату, ғылым мен білімнің интеграциясын дамыту, ғылыми кадрлардың санын арттыру мақсатында оларды даярлау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесі қаралуда.

Қымбатты әріптестер!

Сіздерді ғылым күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, шабыт, қазақстандық ғылымның игілігі үшін жаңа табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін.