Жаңа жылмен құттықтау!

Жаңа жылмен құттықтау!

Құрметті әріптестер, педагогтер, ата-аналар, ата-әжелер, студенттер мен оқушылар!

Өткен жыл баршамыз үшін ерекше болды. Біз қол жеткізген жетістіктерімізге шын жүректен қуандық, қиындықтарды жеңіп, жаңа белестерге ұмтылдық.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті атынан Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын.

Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілеймін. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!

Бауырымыз бүтін болып, жақындарымыз аман болып, балалар бен немерелер тек қуаныш сыйласын.

Келе жатқан жыл жаңа жоспарларға, шығармашылық идеяларға, жақсы жаңалықтарға және қаржылық табыстарға толы болсын!

 

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Г. Көбенова