Биыл абыройлы да берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақытқа дейін толағай табыстарға жетіп келеді. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналды. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түсті.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитеті атынан баршаңызды айтулы мереке – тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Егеменді еліміздің дамуы жолындағы барлық бастамаларыңыз бен еңбектеріңіз табысты болсын.
Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, зор денсаулық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін!
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г. Көбенова