БҒМ алғаш рет колледждерде Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізуде

БҒМ алғаш рет колледждерде Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізуде

Ағымдағы жылғы 2-6 қараша аралығында алғаш рет ТжКБ ұйымдарының білім алушылары арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізу жоспарлануда.

ББЖМ өткізу тетігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттелген.

Биыл ББЖМ -ға 77 мемлекеттік колледжден 12 мыңға жуық білім алушы қатысады.

ББЖМ-ның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандартын меңгеру деңгейін бағалау, сондай-ақ функционалдық сауаттылықты және құзыреттілікті халықаралық салыстырмалы зерттеу құралдарына ұқсас өлшеу арқылы білім беру сапасын арттыру.

Тестілеу нәтижелері бойынша өңірлер мен нақты білім беру ұйымдары бөлінісінде білім беру сапасын жақсарту бойынша оқытушыларға оқу процесін жоспарлау, оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін бағалау және оқытушылардың қызметін бағалау үшін қажетті әдістемелік ұсынымдар әзірлене отырып, кешенді талдау жасалатын болады.

ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және оның білім алушылар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де ешқандай құқықтық салдары жоқ екендігіне назар аудару қажет.