Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау институтын енгізу бойынша

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау  институтын енгізу бойынша

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерде, колледждерде және әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттауды енгізу көзделуде.

Мемлекеттік аттестаттау МЖМБС талаптарының сақталуын бақылау және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында профилактикалық бақылау нысанында өткізілетін болады.

Мемлекеттік аттестаттау аясында оқушылардың білімдерін бақылау, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы және т. б. көзделеді.

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы - бұл білім беру ұйымдарының өз қызметін тәуелсіз бағалау механизмі. Бұл механизм білім беру ұйымдарының қызметін бақылаудың халықаралық тәжірибесінде кеңінен қолданылады және олардың білім беру практикасын жетілдірудегі ұйымдардың тәуелсіздігі мен дербестігін ынталандыруға бағытталған.

Білімді тексеріп бақылау бастауыш білім беру үшін екі пән, негізгі орта білім үшін үш пән және жалпы орта білім үшін төрт пән бойынша тестілеу көзделуде. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін тестілеу екі салалы пән бойынша жоспарланған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізілетін болады.

Өзін-өзі бағалау нәтижелерін қарау барысында бақылау органы сарапшылардың жасырын болуы, білім беру ұйымының басшысымен бейне сұхбаттасу, бейнеконтенттерді ұсыну және басқалары сияқты бағалау элементтері мен принциптерін қолданады.

Бес жыл ішінде барлық балабақшалар, мектептер, колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтуі болжанып отыр, бұл білім беру қызметтерінің сапасын жақсартады және ұйымдарды одан әрі өсуге ынталандырады.

Жыл сайын 3000 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өту рәсімімен қамтылатын болады.

5 жыл ішінде мемлекеттік аттестаттаудан 15 мыңнан астам білім беру ұйымдары өткізіледі.