Мектептердегі профилактикалық бақылау нәтижелері туралы

Мектептердегі профилактикалық бақылау нәтижелері туралы

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің негізгі міндеттерінің бірі - мектепке дейінгі, орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік бақылау болып табылады.

2021 жылдың қаңтар-сәуір аралығында аумақтық департаменттер бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы 385 профилактикалық бақылау шараларын өткізді.

Профилактикалық бақылау барысында 385 білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылғаны анықталды, оның  ішінде                  376 орта білім беру ұйымы және 9 ТжКБ ұйым. Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша барлық 385 білім беру ұйымына білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесі мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парақтарының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру саласындағы анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Білім беру ұйымдарын тексеру кезінде анықталған негізгі бұзушылықтардың қатарына білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін орындамау жатады.

Атап айтқанда, тиісті профиль бойынша білімі жоқ мұғалімдердің кәсіби қызметіне рұқсат беру; жұмыс оқу жоспарларының стандарттарға сәйкес келмеуі, білім берудің барлық деңгейлерінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бұзуы; тамақтану орындарының жетіспеушілігі немесе тамақтану объектісі үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының жоқтығы; интернетке қосылған компьютерлік сыныптармен, зертханалармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес пәндік кабинеттермен жабдықталуы жеткіліксіз және т.б.

Осыған байланысты білім берудің барлық субъектілеріне білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға және оның нормаларын бұзуға жол бермеуге кеңес береміз.