Педагогикалық әдеп және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы баспасөз хабарламасы

Педагогикалық әдеп және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 29 сәуірде аумақтық Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Консультативтік-кеңесші органның (бұдан әрі-ККО) кезекті отырысы өтті.


Отырыста педагогикалық этиканы бұзу фактілері айтылып, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы мен Қарағанды қаласының №3 гимназиясының Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Педагогтерді өздерінің кәсіби міндеттерімен байланысты емес функцияларға (сенбіліктер, рейдтік іс-шаралар, жөндеу жұмыстары) тарту, педагогке құрметсіздік, әлеуметтік желілерде орынсыз посттар орналастыру мәселелері талқыланды.


Мұғалімдер тарапынан бұзушылықтардың белгілі бір бөлігі Ұлттық біліктілік тестілеу жүргізу барысында анықталды. Ұлттық біліктілік тестілеу қағидаларын бұзған педагогтердің нәтижелері жойылып, тестілеуден шығарылды. Ал педагогтердің өздері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 30 сәуірде Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында ККО-ның кезекті отырысы өтті.


Отырыста Қарасай ауданының білім беру бөлімі басшысының білім беру ұйымдары кеңестерінің қызметі туралы есебі тыңдалып, Алтын ауыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің өтініші қаралды.
Осы мәселе бойынша ККО мүшелері білім беру ұйымы басшысының қызметіндегі елеулі олқылықтар мен кемшіліктерді, оның ішінде оқу-тәрбие процесінде мектептің ішкі бақылауының дұрыс ұйымдастырылмауы және жекелеген педагогтерге қатысты педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуын атап өтті.


Отырыс қорытындысы бойынша мектеп директорының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы шешім қабылданды.