«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» жобасы бойынша

«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына  өзгеріс енгізу туралы» жобасы бойынша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.  

Жобада білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізу кезінде пайдалану мақсатында білім беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде бірыңғай тәсіл мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын бағалаудың қолданыстағы өлшемшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сай ұсынылатын білім беру қызметтеріне сәйкестігі бойынша білім беру ұйымының өзі жүргізетін бағалауы болып табылады.

Өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау арқылы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу кезінде талдайды (бұдан әрі – мемлекеттік аттестация).

Мемлекеттік аттестация барлық мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, колледждарда және әскери, арнайы жоғары оқу орындарында жүргізіледі.

Бес жыл ішінде жоғарыда аталған барлық білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді деп болжануда, бұл білім беру қызметтерінің сапасын жақсартады және білім беру ұйымдарын одан әрі дамуға ынталандырады.

Бұйрық жобасының мәтінімен www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.