«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысы күшін жойғандығы туралы

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысы  күшін жойғандығы туралы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңында  Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекіту бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті алынып тасталды. Бұл норма қолданысқа 2021 жылғы 22 қаңтардан енгізілді.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 213 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің келесі қаулыларының күші жойылды:

1.  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270;

2.  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 265;

3.  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 635 ;

4.  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 290;

5.  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 871;

  1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 254.