Өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі

Өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді. Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Жұмыс кеңесіне Қазақстандық Үздіксіз Білім беру Ассоциациясының төрағасы және оның өңірлік өкілдері, кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, Астана қаласы білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарының құрылтайшылары мен басшылары қатысты.

Ақпараттық жұмыс аясында қатысушыларға қолданыстағы біліктілік талаптары және оларды қолдану тәртібі түсіндірілді.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті мүдделі тараптардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу практикасын жалғастырады.