
Астана қаласында «Білім беру сапасын қамтамасыз ету: жаңа талаптар, тиімді басқару және тұрақты даму» тақырыбында секциялық отырыс өтті. Іс-шараға білім беру ұйымдарының 80-ге жуық басшысы, мамандар, ғылыми қызметкерлер мен сарапшылар қатысты.
Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Жамиля Есанова модераторлық етті.
«Білім беру сапасын объективті бағалау: халықаралық зерттеулер мен ұлттық бағалау нәтижелерін талдау, білім беру сапасын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы бірінші панельдік сессия барысында қатысушылар ұлттық және халықаралық бағалау нәтижелерін басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдалану мәселелерін талқылады.
«Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің директоры Галия Карбаева МОДО және халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелеріне талдау ұсынып, олардың білім беру сапасын бағалауда және жүйелік кемшіліктерді анықтауда өзара толықтырушы рөл атқаратынын атап өтті.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Нурбану Омарова бағалау нәтижелерін стратегиялық талдауға, проблемалық бағыттарды айқындауға және атаулы әдістемелік қолдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударды.
Бағалау нәтижелері негізінде білім беру процесін жетілдіру бойынша Алматы қаласы білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Даурен Сағынғалиев таныстырды.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға-ғылыми қызметкері Айнур Акатаева оқыту сапасын арттыруда, кері байланысты жетілдіруде және білім беру процесін үздіксіз дамытуда ішкі бағалаудың рөлін қарастырды.
NIS Педагогикалық өлшеулер орталығының сарапшысы Мухит Баймаханбетов МОДО тапсырмаларын әзірлеу тәсілдерін таныстырып, нәтижелердің валидтілігі мен сенімділігін қамтамасыз етуде сараптамалық бағалау, апробация және психометриялық талдаудың маңыздылығын атап өтті.
Екінші панельдік пікірталас «Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау: тиімді тетіктер, басқарушылық шешімдер және даму бағыттары» тақырыбына арналды.
Комитет басқармасының басшысы Сауле Есиркепова мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауды кезең-кезеңімен енгізудің негізгі тәсілдерін таныстырып, мектепке дейінгі білім беру сапасы, қауіпсіздігі мен қолжетімділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Бас ғалым хатшы, PhD докторы Сандуғаш Каппасова мектептерде академиялық адалдықтың тұтас жүйесін қалыптастыру, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектепішілік саясатты қалыптастыру қажеттігіне назар аударды.
«Әділет» мектепке дейінгі және орта білім берудің жекеменшік ұйымдары республикалық қауымдастығының төрайымы Динара Қудайкулова қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және физикалық, медициналық, психологиялық, көліктік және ақпараттық тәуекелдердің алдын алу бойынша жүйелі тәсілді ұсынды.
Қазақстанның Үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасының орынбасары Наталья Мишукова мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялаудың білім беру сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыруға және білім берудің қолжетімділігін сақтауға бағытталған жаңа тәсілдерін қарастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты «Әдістемелік орталық» КММ директоры Роза Сәркен педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етудегі, бағалау нәтижелерін пайдаланудағы және заманауи тәжірибелерді енгізудегі әдістемелік сүйемелдеудің рөлін ашып көрсетті.
«Talap» КЕАҚ ТжКБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының басшысы Қымбат Әмір еңбек нарығының қажеттіліктері мен кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптарды ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жобалау тәсілдерін таныстырды.
Секция қорытындысы бойынша білім беру сапасын бағалауды, мемлекеттік бақылауды, әдістемелік сүйемелдеуді және сапаны басқаруды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Іс-шара білім беру жүйесінің өкілдері, ғылыми қауымдастық және кәсіби бірлестіктер арасында кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.