
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысатын сарапшыларға арналған түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында Комитеттің басқарма басшысы Ришат Рамазанов мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін, бағалау критерийлерін, сарапшылар қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау рәсімінің негізгі кезеңдерін түсіндірді.
Түсіндіру жұмыстарына Астана қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарынан 96 әдіскер қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде туындайтын практикалық мәселелер бойынша сұрақтар қойып, қажетті түсіндірмелер алды.
Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ білім беру сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалауға бағытталған.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114 бұйрығымен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидалары бекітілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік аттестаттау аталған қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуда.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мемлекеттік аттестаттаудың ашықтығын, объективтілігін және бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырады.