
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жыл сайынғы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауын өткізуде.
Бұл конкурсты өткізудің мақсаты — көрсетілетін қызметті берушілердің мәртебесін арттыру, уәждемесін өсіру және жұмыстағы клиентке бағдарланушылық негіздерін нығайту болып табылады. Биыл республикалық деңгейге әртүрлі қызмет саласындағы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардан облыстық кезеңдердің 135 жеңімпазы өтті.
Олардың қатарында біздің әріптесіміз Аленова Айгуль Аблайхановна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы.
Байқаудың нәтижесі 2026 жылғы 8 маусымда жарияланады.