Тексерулер мен әкімшілік істерді сандық тіркеу бойынша семинар-кеңес

Тексерулер мен әкімшілік істерді сандық тіркеу бойынша семинар-кеңес

        Ағымдағы жылғы 24 сәуір күні Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің ұйымдастыруымен тексерулер мен әкімшілік істерді сандық тіркеу бойынша семинар-кеңес өткізілді.

        Комитет төрағасы Серік Кеңесүлы Әшіров семинарды ашып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, бақылау және тексеру, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғау, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу және т.б. аумақтық департаменттердің басты міндеті болып табылады» - деп, атап өтті.

       Тексерістерді субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізіліміне тіркеу, әкімшілік істерді әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібі аумақтық департаменттердің дағдыға айналған жұмыстарының бірі. Дегенмен, пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен онлайн форматта семинар-кеңес үйымдастырылды.

       Семинар-кеңесте тексерістерді субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізіліміне тіркеу, әкімшілік істерді әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Буркутбаевич Алькенев, азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасының басшысы Хамитова Дамиля Маратовна, бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін үйлестіру және есепке алу бөлімінің басшысы Игенова Динара Нурдыбековна ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

       Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.