2020 - 2021 оқу жылында жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізбеу туралы

2020 - 2021 оқу жылында жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін  сырттай бағалауды өткізбеу туралы

2020 - 2021 оқу жылында жоғары білім

беру ұйымдарында оқу жетістіктерін

сырттай бағалауды өткізбеу туралы

  Білім алушылар мен педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын  қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2020-2021 оқу жылында жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізілмесін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г.І. Көбенова) осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорларының назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

        Министр                                                             А. Аймағамбетов