Білім беру жүйесіне қатысты құқықтардың конституциялық кепілдіктері

Білім беру жүйесіне қатысты құқықтардың конституциялық кепілдіктері

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Баймұратұлы Габдушевтің төрағалығымен 2026 жылғы 19 наурызда Көкшетау қаласында «Білім беру жүйесіне қатысты құқықтардың конституциялық кепілдіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында білім беру жүйесіндегі құқықтардың конституциялық кепілдіктері, педагогтердің құқықтары мен міндеттері, құқықтық мәдениет пен педагогикалық әдеп мәселелері талқыланды. Қатысушылар білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау және педагог мәртебесін арттыру бағытындағы маңызды мәселелерге назар аударылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті нығайту, педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау және заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.